Ілияс Әлімұлы Тортаев Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Шу ауданының әкімі болып тағайындалды
І.Тортаев 1953 жылы Шу ауданы, Жаңа жол ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
1974 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының «Өндірістік және азаматтық құрылыс» және 1998 жылы Алматы қаласы «Әділет» жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 1974 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының сәулет кафедрасының ассистенты болып бастаған.
1976 - 1995 жылдары Жамбыл қаласының өндіріс саласында шебер, аға шебері, инженер, прораб, аға прораб және бас инженері, 1995 - 1996 жылдары Шу қаласы әкімінің орынбасары, 1996 - 2005 жылдары Тараз қаласы жол-көпір-құрылыс басқармасының бастығы, «Жамбылжол-құрылыс» ААҚ-ң президенті, 2005 - 2009 жылдары Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданының әкімі қызметін атқарды.
І.Тортаев облыс әкімінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №27-ө өкімімен Қордай ауданы әкімінің қызметінен босатылды.